Алматыда ағаш қандаласынан тұрғындардың мазасы қашты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы көшелерінде ағаш қандаласы қаптады. Қала тұрғындары үйдің терезесін ашқысы келмейді, себебі қандала кіріп кете ме деп қорқады. Тұрғындар осы мәселеге қатысты ойын әлеуметтік желіге жазып, дабыл қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.