Тарихы терең, құпияға толы жер: Шығыс Қазақстандағы Шекелмес мүйісі туралы не білеміз
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің жағасындағы Шекелмес мүйісін көрген де арманда, көрмеген де арманда. Ол атақты Қиын Керіш шатқалынан 20 шақырымдай қашықтықта орын тепкен. Жақында ҚазАқпарат тілшісі сұлулығына шек келмейтін Шекелмеске барып қайтқан еді.