Дос - ажарың, жолдас - базарың
Достық - киелі ұғым. Достық - асыл қазына.
Расыменде дана халқымыз бұл достық деп аталатын асыл қасиеттің қадірін ертеден-ақ білген.
Дос- көңілдің ажары. Әрбір адам досқа мұқтаж. Дос- ақылшың, қиын кезде қол ұшын беріп, жәрдемтесетін қолдаушың.
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды - деп бекер айтпаса керек.
Қазіргі таңда шынайы дос табу өте қиын. Бетіңе күліп қарап, артыңнан неше түрлі жағымсыз істер тындыратын "екіжүзді" адамдар өте көп. Ондай адамдардан қалай сақтану керек? Шынайы досты қалай білеміз? Шынайы достың қандай қасиеттері болады? - дейтін секілді сұрақтар әрбір адамды іштей мазалайтыны бәрімізге мәлім.
Ендеше осы сұрақтың жауабын іздейік. Шынайы дос табу үшін, ең алдымен адам өзі шынайы болу...