Алматыдан 244 км қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 244 км қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.