Көлік жүйесі, тариф, қаланы абаттандыру: семейліктер облыс әкімімен кездесуде 40-қа жуық мәселе көтерді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Семейдегі Абай атындағы театрда өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев тұрғындарға бір жылда жүргізілген жұмыстардың қорытындылары мен облыста жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.