Қабанбай мен Райымбек
Қабанбай батыр жас кезінде ұлы жүздің атойшыл батырлары Ханкелді, Аралбай, Мергенбай, Жауатар, Ырыскелді сияқты ірі тұлғалармен талай рет үзеңгілес болып, жоңғарларға қарсы қанды шайқастар жүргізгенін албан жұрты тамаша аңыз етіп айтады. Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: Ханкелді батыр баласы Райымбекті Қабанбайдың алдына әкеліп:
— Батыр, мен қартайдым, мына Райымбекке батаңды бер, қолыңа қабылдап, қатарыңа ал! — деген екен. Қабанбай батыр Райымбектің бойынан ерліктің үлкен белгілерін тауып, көзін жеткізген соң:
— Қарсы келген жауыңа бет қаратпас боран бол, қайқая шапқан еліңе қайрат берер ұран бол! — деп бата беріп, өз қасына алып баулыған екен. Сонымен, кейінгі талай рет жорықтарда Райымбек батыр...