Қарағанды облысының колледждерінде жұмысшы мамандықтарға 8 мыңнан астам грант бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында Қарағанды облысының колледждерінде жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға 8089 грант бөлу жоспарлануда. Жыл сайын олардың саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.