Маңғыстауда сирек кездесетін жануарларды көбейту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда жолбарыстарды зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаның Қазақстандағы негізгі орындаушысы - «Биоәртүрлілікті зерттеу және сақтау орталығы» қоғамдық қоры. Жобаны іске асыру шеңберінде бірнеше жаңа фотоесептер сатып алынды, олардан алынған мәліметтерді Үстірт қорығының, «Қызылсай» өңірлік табиғи паркінің, Кендірлі-Қаясан қорығының және өңірлік аумақтық инспекцияның қызметкерлері алмасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.