Астанада алғаш рет параволейболдан Азия чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың 25 жылдығына орай 3-8 шілде аралығында «Жекпе-жек сарайы» спорт кешенінде алғаш рет параволейболдан Азия чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.