Бұқтырмаға батып бара жатқан 13 жастағы жеткіншек құтқарылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасында 13 жастағы жеткіншек суға батып кете жаздады. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің демалыста жүрген қызметкері көмекке келіп үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.