Алматыда өрттен зардап шеккендер тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Ақкент» шағынауданындағы 16 қабатты тұрғын үйде орын алған өртке байланысты Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтің төрағалығымен үй алдында жедел штаб құрылды. Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.