Бүгін Алматы облысында ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай болжанады. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Республиканың барлық аумағында жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.