Мамай батыр
Мамай көзсіз батырлығымен қатар соғыс өнеріне, айла-тәсілге өте шебер болған. Бірде алпыс шақты ғана жасағымен келе жатқан Мамай батырға жарты мыңға тарта жау кездесіп қалады. Мамайлар әуелде қамысты қопаға қарай шегіне, жедел амал-айланың жөніне көшіп, оған жұбайы ақыл беріп: «Кереге біткенді қалмақтың жолындағы суға тастаңыз, арғы жағын көре жатарсыз» дейді. Айтқандай-ақ, жаудың адамдары судың астында жатқан керегелерге аяқтарын тығып алып, шетінен жам- сай береді. Сайланып тұрған жігіттер суға топылдап жатқан қалмақтарды шетінен қойдай тіліп, көгендей беріпті.
Тағы бір аңыз былай дейді. Қалмақтың үстемдігі жүріп тұрған бір мезеттерде Асы жайлауына асатын жолды бермей өздерінше қиғылық салған көрінеді. Мамайдың жіберген жігіттеріне теңдік...