3 тамыз күні кей өңірлерде 42 градусқа дейін ыстық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 3 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте – жауын-шашынсыз, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі, шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.