Жәнібек батыр туралы аңыз (ІІ нұсқа)
Жорық қолы дағдысынша шеру тарта беріпті. Ханның қолбасшылық ордасындағы әлгі әккі Жәнібектің ханға сүйеніш болатын қолбасшылардың адамы еместігін ұғып, шеру тартқан қолды тәртіппен жүруді, атақты қолбасшылар қосыны алда жүруді, әлсіз жіктер мен керей, уақ бытырандыларын ең артта жүруді белгілеп, ұқтырыпты. Бұл тәртіпке бойсұнбай бұзғандар жазаға тартылатындығын жариялапты.
Жалғасты жүрген бірнеше күнгі жорықтан кейін бір ұлы тау кезігіпті. Тауды кесіп өтетін қысаң жолға келгенде жол аузында бір айдаһар пайда болып, аузын арандай ашып, басын қайқайтып, тілін жалаңдатып тұрып алыпты. Бұдан сескенген алдыңғы топ өте алмай Хан ордасы ішінде қалың қол ұйлығып тұрып қалыпты. Батыр да, бағылан да, білікті-жілікті де, молла-қожа да...