Ертіс суы жасыл реңге боялуына байланысты экологтар сынама алды
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК филиалы қызметкерлерімен бірге Мичурино ауылына барып, химиялық сынама алды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ертіс өзенінің түсі жасыл реңге боялғаны жайлы ақпарат тараған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.