Банктерге мерзімі өткен займдарды коллекторлық компанияларға беруге шектеу енгізілмек
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде банктер мен шағын қаржы ұйымдарына жеке тұлғалардың мерзімі өткен займдарын коллекторлық компанияларға беруіне шектеу енгізілмек. Бұл жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.