Ақтөбеде мемлекеттік мектептердің 20 пайызға жуығында спорт залы жоқ
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы 410 мемлекеттік мектептің 77-інде спорт залы жоқ. Ал 37 мектепте асхана қарастырылмаған. Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гульнара Сарсенгалиева брифинг өткізіп, кемшіліктерді тізбектеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.