Петропавлда құлаған мұржа: Сот оқиғаға қатысы бар қызметкерлерді ақтады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қалалық соты №2 жылу электр орталығында құлаған мұржаға қатысты істің нүктесін қойды. Өз міндеттеріне немқұрайлы қарады деп айыпталған кәсіпорынның бұрынғы директоры, бас инженер мен қазандық цехының басшысы ақталып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.