Семей орманындағы өртте қаза тапқан қызметкерлерге мемориалдық тақта орнатылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Бүгін «Семей орманы» резерватында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлеріне арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.