Бразилиялық суретші Айға арт-голограмма жібермекші
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бразилиялық суретші Эдуардо Кац 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін салып келген «Агора» (Ágora) атты туындысын ғарышқа жіберетінін мәлімдеді. Ол «Жұлдызды жол» ғылыми-фантастикалық сериалын жасаушы Джин Родденберридің және АҚШ президенттері Джордж Вашингтон, Джон Кеннеди және Дуайт Эйзенхауэрдің ДНҚ-сымен бірге Айға жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аzertag.az-ға сілтеме жасап.