Жамбыл полицейлері Telegram желісі арқылы бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаментінің «Киберпол» арнайы бөлінісінің және Сарысу АПБ қызметкерлері интернет алаяқтық бойынша бірнеше рет қылмыс жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.