68 жасында Әлем чемпионы атанған ақсақал: Спорт жасқа қарамайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Жасы жетпіске таяған шығысқазақстандық Дәулет Темірханов жетістікке жетудің ерте-кеші жоқтығын дәлелдеп берді. Биыл елордада өткен қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан спортшыларымен жекпе-жекке шығып, түгелін қапы қалдырып, жеңімпаз атанды. Бізге сұхбат берген ол «Негізгі мақсатым – қанша жасқа толсаң да спортпен шұғылдануға кеш емес екенін жастарға көрсету» дейді.