Балағаз батыр
Еламан баласы — Тұрсынбай Едіге баласы Шоңның заманында «Ащы» деген өзеннің бойында, «Күңгірлек» деген күзекте отырғанда, Жанқозы жылқысын жау алды. Сонда айтып алыпты:
— Қарашорыңмын, Құдайдан соңғы зорыңмын: Таубай, Борай, Балағаз! Мына менің атым — Балағаз батыр. Шоң мен Тұрсынбайыңа сәлем де! Ертең Найзақараның түбінде төрт ту бие сойып тосамын, дәмесі болса, келсін, жылқысын айырып алсын! — деп.
Ол заманда олжабай батырдың өліп, Жанқозы деген елдің қараң болып қалған күні екен. Тұрсынбай мен Шоң олжабай батырдың тұңғышы Есенаман батырға кісі шаптырды:
«Бұл екеуміздің батырлығымыз, билігіміз қазанның басында, қатынның қасында ғана отырғанда еді. Кеше әкесі үш жүзге ұран болған ер Олжабайдың...