Қазақстандағы мектептер жаңа оқу жылына дайын ба
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылының басталуына санаулы уақыт қалды. Жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру ұйымдары кешенді мониторингтен өткен болатын. Нәтижесінде 68 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп, 1 қыркүйекке дейін бітпейтіні белгілі болды. Бұл жаңа оқу жылында бірқатар проблемаға себеп болуы мүмкін. Осыған орай биылғы оқу жылы алдында Қазақстандағы мектептердің дайындығы жайлы материал дайындауды жөн көріп отырмыз. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының мақаласында.