Сенатор Мәкежанов Алматы мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың төрағаларымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Мұхтар Әуезов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйінде Алматы қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларымен және Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығымен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.