Шерубай батыр
Шерубай Биболдыұлы он жеті-он сегіз жасынан бастап туған жерін қалмақ басқыншыларынан азат етуге қатысып, отанын қорғауға кіріседі. Ол бірде шаршап-шалдығып келе жатып, бір ақбоз үйге тап болады. Ішінде жалғыз бойжеткен отыр екен. ол бөтен адамнан сескеніп қалады.
— Менен қорықпаңыз, зияным жоқ адаммын, — дейді оны сезген Шерубай. Сөйтіп, шай қайнатылып, дастархан басында отырады да, оның көзі кереге басына ілінген садаққа түседі. Батыр оны алып көреді де, 1-2 рет шіреніп созады. Мұның бәрін қыз тойдан келген әке-шешесіне айтады. Үй иесі Шерубаймен танысып, қонақ етіп, кетерінде сол садақты сыйға тартып, ат мінгізеді. Сөйтсе, ол садақ қалмақтардан түскен олжа екен.
«Сол үшін...