Екібастұз ЖЭО жағдайы, өңір тіршілігі, креативті жастармен кездесу: Президенттің Павлодар облысына сапары
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен арнайы барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен, Екібастұз қаласының жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысып, одан кейін облыс тұрғындарымен, креативті жастармен әңгімелесті. Сондай-ақ бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.