Италияда мигранттар мінген қайық аударылып, 41 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның Лампедуза аралында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 41 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Апаттан 4 адам аман қалған. Олар құтқарушыларға қайықта барлығы 45 адам, соның ішінде үш бала болғанын айтқан.