Адам дәрігер болып тумайды – хирург дәрігер Антон Жук
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда дәрігер Антон Михайлович Жукті білмейтіндер кемде-кем. Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде қызмет істейтін хирург дәрігер өзінің 17 жылдық еңбек тәжірибесінде жүздеген науқасқа ота жасаған. Өз ісінің майталман шебері ҚазАқпарат тілшісі хирургиялық бөлімшенің жұмысы туралы айтып берді.