СҚО тұрғындары бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға 274 грант беру жоспарланған. Бүгінде өңірде 178 адам мемлекеттен қолдау алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.