Екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жаралады: Арыста күдіктілер ұсталды
АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысында құрылысы жүріп жатқан үйде екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жаралаған екі күдікті ұсталды. Үшіншісін қолға түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚазАқпарат бұл туралы polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.