Сыр өңірінде 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болмақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында 1 924 пәтерлік көпқабатты 36 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 1430 пәтер халық игілігіне табысталады. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңір мәслихатының кезекті V сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.