Өзбекстанның энергетика саласы төтенше жағдай режиміне көшеді
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Өзбекстанның энергетика саласы төтенше жұмыс режиміне көшеді. Бұл жайында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев энергетика мәселелеріне арналған бейнеконференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі республика басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.