Атақты ағылшын футболшысы 100 млн еуроға «Баварияға» ауысты
ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Англия құрамасының капитаны және тарихтағы ең табысты ағылшын футболшыларының бірі Гарри Кейн Германияның «Бавария» клубымен келісімшартқа отырды. Мәміле құны - 100 млн еуро, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC жаңалықтарына сілтеме жасап.