Қазақстан археологтары эксперимент жасап, жылқыны таспен сойып мүшеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада елімізде ғылымдағы аса сирек эксперимент жасалды. Сиректігі сол, үш елдің археолог ғалымдары жылқыны ежелгі адамдарша тас құралдармен сойып, мүшеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық National Geographic басылымына сілтеме жасап.