СҚО-да биыл алимент төлеуден жалтарған 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл алимент төлеуден қашқан 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың бесеуі сотталды. Қалған үшеуі 4 млн теңгеден астам қарызды жапқандықтан жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.