Маңғыстауда осы аптада электр энергиясы кестемен беріледі
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Осы жұмыс аптасының басынан аяғына дейін Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысының бірқатар елді мекендерінде электр энергиясын ішінара тиімді шектеу режимі енгізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.