Оқу мерзімі, балабақшаға тіркеудің жаңа форматы және тегін тамақ: Министрлік оқу жылына дайын ба
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Қазір құзырлы органдар мен қатар балалар және ата-аналар қызу дайындалып жатыр. Биыл орта білім беру саласында қандай өзгерістер болады? Мектептердің материалдық базасы және қауіпсіздік жүйесі талапқа сай ма? Осы және өзге де орта білім беру мәселелері Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.