Қазақы тазылар тарихта тұңғыш рет Дүниежүзілік иттер көрмесіне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат – 21-27 тамыз аралығында Женева қаласында Халықаралық кинологиялық федерацияның (FCI) Бас Ассамблеясы өтеді. Ассамблея аясында өтетін ең беделді иттер көрмесі - 2023 жылғы әлем чемпионатына (World Dog Show 2023) Қазақстаннан екі тазы Астанадан шағын автобуспен аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.