Неймар ресми түрде саударабиялық «Әл-Хилал» клубына ауысты
ЭР-РИЯД. ҚазАқпарат - Әлемнің ең үздік футболшыларының бірі, француздың «Пари Сен-Жермен» клубының және Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы, жартылай қорғаушы Неймар ресми түрде «Әл-Хилал» ойыншысы атанды. Бұл - Сауд Арабиясындағы ең танымал және Азиядағы ең титулды (66 кубогы бар) клуб, өткен маусымның чемпионы, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram арнасына сілтеме жасап.