Екібастұздың жылу желілерінен 109 ақау табылды
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Екібастұз қаласында жұмыс сапарымен болып, ЖЭО-да, сондай-ақ, магистральдық және кварталішілік жылумен жабдықтау желілеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Сонымен қатар, өңір басшысы алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.