Алматы әуежайының жаңа терминалы 2024 жылы ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайындағы жаңа терминал құрылысының 65 пайызы аяқталды. Бұл туралы TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.