8 айда 538 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 102,7 мың отбасындағы 538,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.