Алымбектің шежіресі
... Сары Үйсін, Қасқарау, Жансейіт, Садыр, Шапырашты, Ысты, Ботбай, Сыйқымнан: Қарақойлы, Аққойлы, Қусирақ. Үйсін рулары Сарытауқұм, Үш Алматы, Іленің бер жағын басып алып, сонда қоныс тебеді. Онымен шектеліп қалмайды. Сарыбағыш, Солтыға қол салады. Шанышқылы Бердіқожа деген батыр, Шапырашты Қаумен, Жәпек деген, Кәшке, Дәулет деген бірге туған төрт ағайын екен, солармен бірге Ботбай Тілеуқабыл, Жайсаң деген адамдар мен Қасқарау Малдыбай, Қонысбай дегендер қырғызға тиісе береді. Сарыбағыштың қолынан Кәшке өледі. Солтының қолынан Жайсаң өледі...
Жәпек пен Бердіқожа Үйсіннің жанысы Төле биге барады. Төле би екеуін ертіп, жолай Талас жақтан шағым айта келген үйсіндерді де қосып алып Абылай ханға барады. Абылайдың ордасы ол...