Күзгі суық мезгілде адам денсаулығын қалай күту керек - дәрігер кеңесі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Күзгі салқын барлық адамға жаға бермейді. Мұндай мезгілге байланысты депрессияны «күзгі хандра» деп жатады. Қыркүйек басталысымен жазғы ауа райы салқын ауамен, жаңбырмен алмасады. Бұлтты күнгі аспанға қарап, адамдардың да көңілі түседі. Сонымен бірге, бұл мезгілде респираторлық вирустық инфекциялар белсенді бола бастайды. Осыған орай, Алматы Орталық клиникалық аурухананың дәрігері Флюра Смайылова ҚазАқпарат тілшісіне адам денсаулығын күзде қалай сақтау қажеттігі жайында айтып берді.