Байсерке
Сол кездегі қазақтың батырларымен бірге Сәмен де балаларын, інілерін ілестіріп, қалмақтармен соғысуға кеткенде, Байсеркені елдегі аз ғана шаруаның қисынына бола ауылда қалдырып, «сол тіршіліктерді бітірген соң келерсің» деп тастап кетеді. Әке тапсырмасына орай ел арасындағы тіршіліктерін тындырған соң, негізгі сарбаздарға қосылу үшін екі жолдасымен Байсерке жолға шығады.
Жиренайғыр өзенінің төменгі жағындағы Тасөткелге жақындағанда, алдарынан бір шаршап-шалдыққан, аштықтан әбден әлсіреген бір кемпірге жолығады. Байсеркелер аттарынан түсіп, үлкен кісіден жөн сұрайды. Кемпірдің айтқаны мынау болады: «Ауылдың ер-азаматтары соғысқа кеткенде, оншақты қалмақ келіп, аулын шауып, кемпір-шалдарды, қыз-келіншектерді байлап-матап, малдарды жинап алып, адамдарды ұрып-соғып, жөнсіз әбден басынады. Олардың еркінсігендері сонша, қарсы сөз айтқан бір...