Жоламан батыр туралы
Шалабай өз заманыңда батыр ер болған. Өзі кедей болған. Бірнеше өзара соғыстарда Шалабай жауға шауып, жеңген, сүйтіп, өз заманында батыр атанған ер атақты кісі болады. Енді бұның немерелері Жоламан, Бердаулет дейтіңдер болады. Бұлар да батыр болған. Олар батыр болғанда, ел бастап көтеріліске шықпаған. Мысалы, Исатай-Махамбет құсап, ия Амангелді құсап. Бұлардың жауы сол хан Әлке, үйткені Әлке патшаға сатылған, орысқа жақын болған, халыққа салық салған, қанаған, шаруаларды елемеген. Міне, бұлардың мақсаты: халыққа бақытты тұрмыс беру, салықтан босату, бас бостаңдық беру /орыстан/, патшадан аулақ болу. Бірақ «мұның бәрі тек ханды өлтірсек ғана орындалады» деп ойлайды. Халықты бастап көтеріліске шығуды ойламайды. Тек қана...