Испания мен Канадада өртке байланысты мыңдаған адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды
САНТА-КРУС-ДЕ-ТЕНЕРИФЕ. ҚазАқпарат – Испанияның Тенерифе аралында өртке байланысты мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Канаданың солтүстік және батыс аймақтарындағы ормандар өртеніп, тұрғындар жаппай эвакуациялап жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.