Ағзаны күзге қалай дайындау керек – Дәрігер кеңесі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көптеген адам күз мезгілін суықпен, жаңбырмен байланыстырады. Өйткені күзде дене жазғы режимнен қысқы режимге ауыса бастайды және бұл кезең ағзада ауыртпалық тудырады. Суық ауа райы басталғанда әл-қуаттың төмендеуі, шаршау, көңіл күйдің болмауы адамды мазалайды. Оған қоса, респираторлық вирустық инфекциялар күшіне енеді. Осы орайда ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының салауатты өмір салты бойынша дәрігері Флюра Смайылова ағзаны күзге қалай дайындау керегін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.